Posted by: dnatic | Қараша 14, 2008

Мен қандай музыка тыңдаймын?!

Барлығына салем!

Менің блогым музыка туралы болғандықтан, алдымен «мен қандай музыка тыңдаймын?!» деген сұраққа жауап берген жөн деп санаймын. Сонымен, мен қазіргі кезде «транс» (trance) жанрдағы музыканы көп тыңдаймын. Бұрын мен мектепте оқығанда рок пен рэпты ғана тыңдайтынмын, уақыт өте келе, университетте рэптан бас тартып, рокқа көштім. Ал соңғы курстарда электронды музыкаға көз тарттым))) Бірінші естіген әртісім Tiesto болған еді 🙂 оны мен бірінші рет 2003-04 жылдары естідім, тректың аты «In my memory» болды. Бірінші сезімім тамаша болды! Мен сол кезде ол кім, бұл қандай жанр екенін мүлдем білген жоқпын. Содан соң, менің досым маған көп музыка әкеп жүрді, олар электроника болды, оларды тыңдап мен көптеген жаңа аттарды өзіме аштым. Солардың ішінде Paul van Dyk, Tiesto, Paul Oakenfold, Sash, ATB және басқалары да бар. Содан кейін, мен магазинге барып, Тиестоның альбомын сатып алдым ! ! ! :))))) Tiesto «In Search of Sunrise 4: Latin America» деген 2 дискілік микс компиляциясын сатып алдым! Оны тыңдаған кезде сол сезімді сөзбен айта алмайсын, ол сондай күшті, әдемі, ол сенің ішінде, қан тамырлары арқылы жүгіріп отырғандай сезінесін! Негізі транс музыканың бір ерекшелігі – ол адамға құлақтан ішке кіріп, қан тамырлар арқылы бүкіл денеден жүгіріп өтеді де, соныңда миға келіп тоқтайды да, сенің басыңды жарады!!! Осындай ол ғажайып музыка!

Мен тек қана Тиестоны тыңдамаймын, мен транс әлеміндегі барлық жаңа өлеңдерді үнемі интернеттен тыңдаймын. Менің ойымша адам тек қана бір жанрда музыканы тыңдамау керек. Себебі, ол адам миының, адамның өмірлік танымын шектейді де, тоқырауға әкеледі. Адам әркелкі музыканы тыңдау керек. Тек қана әр түрдегі, әр жанрдағы музыканы тыңдай келе, ол бірдемені біледі, және сол дұрыс таңдауды жасай алады.

Жарайды, мұның бәрі электронды музыка туралы болды. Енді мен сендерге рок турала жазып кетейін.

Мен рокты мектептен бастап тыңдап келе жатырмын. Біріншілер болып Агата Кристи, әйгілі «Наутилус Помпилиус», ДДТ бар. Шетелдік роктан Nirvana, U2, Red Hot Chili Peppers, Korn, Slipknot, Marilyn Manson, Rammstein, Limp Bizkit, және басқалар бар. Негізі шетелдік рокты тыңдағанды ұнатам)

Классикалық музыканы да тыңдаймын. Оның ішінде жақсы көретінім ол: Вивальди мен Йоган Штраус! Осы екеуін жааақсы көріп тыңдаймын! Олар THE BEST! 🙂

Көріп отырғандарыңыздай, бір жазба шеңберінде бәрін айта алмайсын) егер сұрақтарын болса жазыңыз, мен комменттарынды күтем 🙂

Оқығандарыңа рахмет! 🙂

Advertisements

Responses

  1. Сәлем! Блогтағы жазбаларын мені тамаша таң қалдырды десем, артық емес, керісінше аз айтқаным. Шынымен де сенің музыка тыңдаған кезде алған әсерлерін соншалықты күшті суреттегенін керемет ұнады. Жарайсың!!! Ісіне сәттілік. Өте-өте-өте-өте қуаныштымын 🙂

  2. Охо, осындай тақырыптық («тематикалықты» осылай аударсам бола ма?) блогтар жақсы негізі…
    Тиестоға рахмет, міндетті түрде тыңдап көрермін, бірақ магазинге барып, Тиестоның альбомын сатып алатындай ерлік менің қолымнан келмейді-ау, жо-жоқ келмейді… 😦 Мен одан да торрентпен сатып алайын, рұқсат болса..
    Paul van Dyk, Paul Oakenfold, Sash, ATB дегендерді тыңдап жүрмін әрине, жұмыс жасағанда жақсы сияқты, бұлардың жанры транс екенін жаңа танып отырмын.
    Мына рок әндерді де бұрыннан тыңдайды екенмін, дәл қазір «Хлоп-Хлоп» және «Ковер-вертолет» деген әндерді тыңдап «транс» бов отырм, былайша айтқанда…
    Классикадан Рахманиновтың бір концерті бар еді, оны тыңдауға шыдамым жетпей отыр, он минут бойы тып тыныш отырып, бір уақытта дүңк еткізеді де, музыка бастап кетеді, содан біраз уақыттан соң қайта тыныштық… Жалпы, түсінгенім – классиканы жалғыз өзін отырып тыңдамасам, жұмыс жасап отырғанда қосымша музыка ретінде жіберіп қоюға келмейді екен..
    Әрине, бір жазба шеңберінде барлығын айту мүмкін емес.
    Келесі жазбаларыңды күтеміз! 😉

  3. «The Zombies – Time of the season» тыңдап отырмын.
    Өзіндік ерекшелігі бар бір биге жақсы ән екен, мен тек «Sam Brown – Stop» қана жараса ма деп жүрсем… 😉

  4. 2ruslannnn Paul van Dyk, Paul Oakenfold, Sash, ATB және Tiesto дегендерің транс жанрдың пионерлері десек те аз емес! олар қазір де транс аренаның титандары мен ағалары болып саналады! олар жайлы мен сосын блогта жазып кетем, және керекті линктарды жазып кетемін.
    Ал мен қазір Solarstone’ның жаңа «Rain Stars Eternal» албомын тыңдап отырмын)))) керемет – тамаша – эмэйзинг!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! нағыз прогрессив транс! 🙂

  5. 2Арсик, РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
    :))))))))))))))

  6. salem bare dostrga. men kazaksha music jaksekormen .


Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Санаттар

%d bloggers like this: